Бұл туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған Үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ таратты.
2025 жылдың үш тоқсаны бойынша 14 мыңнан астам қазақстандық өз тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Корпорация ұсынған мәліметте бұл қызметтің қай өңірлерде жиі қолданылғаны көрсетілген.
Тізімде Алматы қаласы көш бастап тұр. Аты-жөнін, тегін ауыстыруға 2981 адам өтініш берген.
Екінші орында – Астана қаласы, өтініштер саны – 2459.
Үштікті Қарағанды облысы түйіндейді. Барлығы 849 адам тегін ауыстыруға өтініш берген.