Американдық миллиардер Илон Маск «арнайы үкіметтік қызметкер» қызметінен кететінін жариялап, Дональд Трампқа «шығындарды қысқартуға берген мүмкіндігі үшін» алғыс айтты. Бұл туралы ABC News-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

Илон Маск мемлекеттік қызметтен кететінін 29 мамыр, бейсенбіге қараған түні Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

  • Илон Маск Жердің басым бөлігі жойылып кетуі мүмкін екендігін айтты
  • Илон Маск, Трамп, Rosé: Әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізімі шықты

Арнайы үкіметтік қызметкер ретіндегі өкілеттігімнің мерзімі аяқталып келе жатқандықтан, маған ысырапшыл шығындарды қысқарту мүмкіндігін бергені үшін президент Дональд Трампқа алғыс айтқым келеді, – деп жазды ол.