Қаржы министрлігі салық және кеден әкімшілендіруіндегі жаңа тәсілдерді, оның ішінде салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге бағытталған өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Негізгі жаңалық – бақылаудан қызмет көрсетуге, жазалаудан профилактикаға көшу және адал салық төлеушілерге барынша ыңғайлы жағдай жасау.
Жаңа саясаттың орталық элементі – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және микробизнеске "таза парақ" жариялау.
Осы шара аясында:
- негізгі қарызды 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұлдар жойылады;
- өткен кезеңдерге жүргізілген салық тексерулері жойылады;
- компанияларды жабу рәсімі айтарлықтай жеңілдетіледі.
Сонымен қатар, декларацияларды уақытында тапсырмағаны үшін айыппұлдар алынып тасталады. Құжат ұсынылмаған жағдайда ол автоматты түрде нөлдік есеп ретінде қарастырылады.
Сондай-ақ, төлемдерді өндіріп алу шегі көтерілді: 2026 жылы 20 МРП-қа (86 500 теңге) дейінгі қарыз болған жағдайда, салық төлеуші тек ескерту алады, шоттары бұғатталмайды. Мүлікті тәркілеу тек елеулі және созылмалы қарыздар кезінде қолданылады.
ҚҚС саласында "автоматты бақылау" жүйесі енгізіледі: электрондық салық фактурасын тек ҚҚС артықшылығы болған жағдайда ғана рәсімдеуге болады.
Қазақстандықтар үшін банкроттық рәсім жеңілдетіледі: ескі қарыздарды алдын ала реттеу талабы жойылады, сондай-ақ процедураны себепсіз тоқтату құқығы пайда болады.