Жас ғалым Лоран Симонс екінші докторлық дәрежесін сәтті қорғаған.


Енді ол медицина мен жасанды интеллект саласындағы зерттеулерді біріктіретін үшінші докторлық дәрежесімен жұмысты бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Bild басылымының мәліметінше, бельгиялық дарынды бала екінші докторлық дәрежесін 15 жасында алған. Ол алғашқы докторлық дәрежесін небәрі 12 жасында қорғаған. Бір қызығы, Лоран мектеп аттестатына 8 жасында қол жеткізсе, 11 жасында магистр атанды. Ал осы күні Мюнхендегі Гельмгольц орталығында медицина мен жасанды интеллект үйлесімін зерттеп, үшінші докторлық дәрежесін алуға деп қойып жатыр.

– Мен Майкл Джордан сияқты секіріп, олимпиадашылар сияқты жүгіретін суперадамдарды жаратқым келеді, – дейді ғалым Лоран.

Супер дарынды баланың соңғы диссертациясы теориялық кванттық физикаға арналды. Ол бұрын эксперименттік физика бойынша диссертация қорғаған.

Лоранның сөзінше, өзінің фотографиялық жады мен күрделі құбылыстар арасындағы байланысты тез таба білу қабілеті көмектесуде.

Лоранның ата-анасы да оның ерекше қабілеттерін ерте байқаған. Ол мектепке небәрі 4 жасында барды, 6 жасында жеке оқытатын гимназияға түсті. 8 жасында емтихан тапсырып, 9 жасында студент атанды. Ал 12 жасында Макс Планк институты тарихындағы ең жас докторанттардың бірі саналды.