«Қазгидромет» РМК 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін еліміздің 15 облысында боран, көктайғақ және тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.


Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ байқалады, ал облыстың басқа бөліктерінде тұман сақталады. Түркістан облысында күндіз таулы және оңтүстік аудандарда жауын-шашын, кейде қар жауады, солтүстік және таулы аудандарда көктайғақ күтіледі. Шымкентте жаңбыр жауып, тұман түседі.

Алматы облысында таулы аймақтарда қар жауады, көктайғақ болады, ал солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда тұман сақталады. Жел шығыс бағыттан батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе, Атырау, Абай облыстарының кей бөліктерінде көктайғақ және тұман болады.

Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында қар жауып, боран соғады, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұман мен көктайғақ, кей аймақтарда жауын-шашын жауады.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында тұман мен көктайғақ болады.

Астанада қар жауып, боран соғады.