Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс келесі жылы UFC-де дебюттік жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Спорт Шредингера басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде Ямайка спортшысы Оде Осборнға қарсы шығады. Тартысты кездесу Хьюстонда UFC Fight Night турнирі аясында өтеді.

Отандық файтер The Ultimate Fighter шоуына өткен алғашқы қазақстандық спортшы болды. 2025 жылы ол Фуркатбек Йокуьов пен Ройберта Эчеверрияны жеңіп, TUF 33 финалына дейін жетті. Алайда ақтық сында Джозеф Моралеске есе жіберді.

Оде Осборн соңғы бес жекпе-жегінде де жеңіліп қалған. 2023 жылы ол қазақстандық Асу Алмабаевқа да есе жіберген. Соңғы кездесуінде Осборн Стив Эрцегтен төрешілер шешімімен ұтылып қалды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз