Алматы төтенше жағдайлар департаменті алдағы күндері ауа райының бұзылуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Құтқарушлылар мұны "Қазгидромет" жариялаған дауылды ескерту негізінде хабарлауда. Синоптиктердің мәліметінше, 8 желтоқсанда таулы аймақтарда қар мол жауып, көктайғақ болады.
Алматыда тұман түсіп, температура төмендейді, таулы өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал.
Құтқарушылардың ұсыныстары:
- қозғалыс бағытын жолдың жағдайына қарай алдын ала жоспарлау;
- қала қонақтары мен туристерге тауға шығудан бас тарту;
- егер тауда жүрсеңіз, кешкі уақытты күтпей, ертерек қаланың төменгі бөлігіне қайту, себебі ауа райы күрт нашарласа, кері жолды табу қиындайды;
- автокөліктерді ағаштардың астына қоймау;
- нашар бекітілген құрылымдардың маңында тұрмау, олар құлап кетуі мүмкін.
Алдағы күндері суық түсуіне байланысты:
- пеш қолданатындар түтін мұржасының тығыз жабылғанын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеруі керек, бұл улы газдың үйге тарауына жол бермейді;
- электр желілерін шамадан тыс қолданбаған жөн.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз