Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Қостанайдағы мектептерде “қашықтан оқыту” қашан тоқтатылады

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қостанай мектептері 2025 жылғы 8 желтоқсаннан бастап дәстүрлі оқыту форматына оралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қала білім бөлімі мәлімдеді.

“ЖРВИ мен тұмау жұқтырудың азаюы және эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты 8 желтоқсан дүйсенбіден бастап Қостанайдағы барлық білім беру ұйымына оқыту дәстүрлі (офлайн) форматта қайта басталады”, — делінген хабарламада.