7 желтоқсан, жексенбі күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" болжамынша, 2025 жылғы 7 желтоқсанда Ақтөбе, Алматы, Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл зиянды (ластаушы) заттардың жер бетіндегі ауа қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Мұндай кезде тұрғындар далада, әсіресе автожолдардың маңында немесе басқа да ластану көздеріне жақын жерде көбірек жүрмегені жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қантамыр және аллергиялық ауруы бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі қажет.