Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысындағы тасжолдардың бірінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, 6 желтоқсан сағат таңғы тоғыздағы жағдай бойынша Қызылорда облысында "РФ — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы" автожолы учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу қойылады. Мұндай шараға ауа райының нашарлауы себеп болып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін күн райының бұзылуына байланысты еліміздің екі облысында маңызды тасжолдар жабылғанын жазған едік. Шектеулер Ақмола мен Қарағанды облыстарына енгізілген болатын.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз