5 желтоқсан күні Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары республикалық маңызы бар тасжолында жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келіп, жолдағы тәртіпті қамтамасыз етті. Сондай-ақ, жолдағы қозғалысты бақылауға алып, азаматтарға қосымша қауіп төнбеуін қадағалады.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде қоғамдық көліктің екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінген.Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Құқық бұзушы азамат заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, барынша абай болуға және ауа райы жағдайларын бақылау қажеттілігі туралы ескертеді.