Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Астанада жаңа автобус бағыты іске қосылады

Астанада 2025 жылғы 6 желтоқсанан бастап №75 жаңа автобус бағыты жүре бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, ол “Нұрлы жол” теміржол вокзалы – “Күйгенжар” тұрғын алабы бағытында қатынайды.

“Бұл бағыт Күйгенжар және Мичурин тұрғындарын теміржол вокзалымен байланыстырып, №112 мектеп пен С. Шәймерденов көшесі маңындағы көлік қолжетімділігін жақсартады”, — делінген ақпаратта.