Алматыда күрес түрлерінен өтіп жатқан ел чемпионатында Жәмила Бақбергенова топ жарды, деп хабарлайды 1bol.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, ел біріншілігінде 72 келіде бақ сынаған Жәмила Бақбергенова финалда Шәмшиябану Тастанбекті жеңген.

Қола медальді Зейнеп Еламас пен Мейрамгүл Мақсот еншілеген.

Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы, сондай-ақ әлем чемпионатында 4 рет жүлдеге (3 рет күміс, 1 рет қола) қол жеткізген.

Алайда биыл Хорватияда өткен әлем чемпионатында қазақ балуаны жүлдесіз қалды. Ол бұл додада қырғызстандық Жұлдыз Нұртаеваға жол берді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз