Қазақстандық алып күш иесі Миланда Guinness Records кітабы бойынша үш әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Сергей Цырульников Миланда (Италия) Guinness World Records өкілдері тіркеген үш әлемдік рекордты бірден жаңартты.

"Қол жеткізген жеңістерін Қазақстан халқына арнайтынын айтқан спортшы: «Бұл тек физикалық күш емес. Бұл – ата-бабаларымыздан мирас болған рухтың күші, ұлттық ерік-жігеріміздің символы", – деп атап өтті.

Алып күш иесі 57 секундта өлшемі 22×8 мм болатын 14 темір тағаны бүктеп, бір минутта тоғыз резеңке жылытқышты үрлеу арқылы жарып, сондай-ақ бір минутта жалаң қолмен шойын табаға 19 шеге қаққан.

Бұл жетістіктердің барлығы Италияның Lo Show Dei Record телешоуы аясында ресми түрде тіркелді.