Қызылорда облысында 459 тарихи-мәдени мұра нысаны мемлекет қорғауына алынған
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше, оның 31-і — республикалық, 398-і — жергілікті маңызы бар ескерткіштер. Ал 30 ескерткіш алдын ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының қатарында.
Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы 7 ескерткіштің қорғау аймағының жобасы дайындалды. Оған облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» номинациясы бойынша облыстағы үш нысан ЮНЕСКО-ның негізгі тізіміне енуі мүмкін. Олар — Сығанақ, Жанкент қалашықтары мен Жетіасар мәдениеті ескерткіштері.