4 желтоқсан күні кешке Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы (KNDC) Қытайда болған жер сілкінісінен кейін тағы бір афтершок болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Орталықтың жедел мәліметіне сәйкес, Астана уақытымен 15:52-де Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген.

"Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 41.19°, шығыс бойлық 78.40°. Магнитудасы mpv=4.2, энергетикалық класы K=10.2", — делінген хабарламада.

Афтершок Қазақстан аумағында сезілмеген.