2025 жылғы 29 мамырда Астана халықаралық форумында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз жасанды интеллектіні дамытуға айрықша мән беріп отырғандығын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, біз адам капиталына инвестиция салып, жас мамандардың қалыптасуына жағдай жасаймыз. Ең басты міндетіміз – аймақтар арасындағы алшақтықты азайту және орта тапты нығайту. Сол себепті цифрлық технология мен жасанды интеллектіден бастап жасыл энергетика мен қосымша құны жоғары өндіріске дейінгі негізгі секторлардағы әлеуетімізді күшейте береміз.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстан цифрлық трансформацияда елеулі табысқа қол жеткізгендігін атап өтті.
"Мақсатымыз – Еуразиядағы жетекші IT хабқа айналу. Әсіресе, жасанды интеллектіні дамытуға айрықша мән беріп отырмыз. Бірқатар шетелдік университеттің филиалы бар, зерттеу мен әзірлеу саласындағы серіктестік жолға қойылған академиялық және инновациялық хабқа айналғымыз келеді",- деді ол.
Президенттің айтуынша, Қазақстан ең қуатты суперкомпьютерді іске қосуға кірісті. Қазірдің өзінде бұл жұмыс басталып кетті.
"Бұдан бөлек, СryptoCity деп аталатын жаңа пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда криптовалютаны азық-түлік сатып алуға, қызмет төлеміне және басқа да мақсаттарда пайдалануға жағдай жасалады". Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін мемлекет басшысы қазіргі қақтығыстар ұзаққа созылып, күрделі болып бара жатқандығын айтқан болатын.