2025 жылғы 19 қарашадағы денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бір реттік зейнетақы төлемдерін емдеуге пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Енді ережелерге қосылған жаңа тармақ бойынша кейбір ережелер тек 2025 жылғы 15 қыркүйектен бұрын қол қойылған құжаттарға қатысты құқықтық қатынастарға ғана қолданылады.

Бұған дейін стоматологиялық қызмет көрсеткенде ВКК профильдік маманның қорытындысын, медициналық құжаттарды зерттеп, шешім шығаратындығы және қандай құжаттар қажет екендігі ережелерде көрсетілген еді.

Алайда енді бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдалануда офтальмологиялық және стоматологиялық қызметтерді алу мүмкіндігі алынып тасталды.

Бұйрық 2025 жылғы 3 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, бұған дейін "Отбасы банк" зейнетақы жинақтарын алу бойынша жаңа шектеу енгізілгенін хабарлаған еді.