2025 жылғы 4 қарашаға қараған түні Тараз қаласының "Аса" шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы пәтерде диван өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ күштері жетіп, өртті 15 минут ішінде сөндірді.
Пәтерге кіру үшін құтқарушылар альпинистік жабдықты қолданып, 5-ші қабаттан 4-ші қабатқа түсіп, есікті ішінен ашқан.
"Өрт кезінде пәтер ішінде оның иесі болған. 1948 жылы туған ер адамды құтқарушылар жедел эвакуациялап, Апаттар медицинасы орталығының медиктеріне тапсырды",- делінген ақпаратта.
Өрттің себебі анықталуда.
Бұған дейін Алматыда дүкен мен тұрмыстық ғимарат өртеніп, 5 адамның зардап шеккенін жазғанбыз.