Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Алматының санитарлық қызметі қатты отын қолданатын қоғамдық тамақтану орындарына 12 жоспардан тыс тексеріс жүргізген.

Нәтижесінде 10 экологиялық құқықбұзушылық анықталған. 7 нұсқама беріліп, екі факті бойынша материалдар сотқа жолданған. Барлығы 1 887 360 теңге көлемінде 8 әкімшілік шара қолданылған.

Мамандардың айтуынша, мұндай нысандар шамадан тыс түтін мен иіс шығарып, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына қолайсыздық тудырады.

Сондықтан кәуапхана иелерімен тұрақты түрде түсіндіру жұмысы жүргізіледі: қатты отынды пайдалануға тыйым салынған, ал газбен жұмыс істейтін жабдықтарда міндетті түрде сүзгілер орнатылуға тиіс.

"Eco Almaty тарапынан бақылау атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз