Елордада Сарыарқа ауданындағы Бекетай көшесінде ірі өрт оқиғасы болды. ТЖМ ақпаратына сәйкес, гаражда екі автокөлік жанып, артынан от жанында орналасқан төрт қабатты қонақүйдің шатырына дейін тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер келген кезде екі қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы гаражда екі автокөлік жанып жатқаны анықталған.
"От жанында орналасқан төрт қабатты қонақүйдің шатырына дейін тараған. Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, өрт сөндірудің 2 учаскесі ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Жану ошақтарына қол жеткізу және оттың одан әрі таралуын болдырмау үшін шатырды ашу жүргізіледі. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасауда, — делінген ТЖМ хабарламасында.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
ТЖМ қызметкерлері өртті 20:45-те толығымен сөндірді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз