Алматы облысының Бесағаш ауылында көшеде кетіп бара жатқан жас жігітті жабылып ұрып кеткендер қамауға алынды.
Полиция депаратментінің мәліметінше, бұл факті бойынша «Бұзақылық» бабы арқылы қылмыстық іс тіркелді.
Күдік тудырған екі адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қылмыстық іс аясында оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, іске қатысы бар өзге тұлғалардың тұрған жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.
Тергеудің барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – делінген облыстық Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.