Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жол көлік-оқиғасы бүгін сағат 00:40–та Алатау ауданында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел жәрдем көлігі Саин даңғылымен келе жатып, бұрылмақ болғанында Kia маркалы автокөлікпен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары дене жарақатын алды. Өкінішке қарай, жедел жәрдем қызметінің 2002 жылғы өкілі бірнеше сағаттан кейін ауруханада жан тапсырды", – деп хабарлады департаменттен.

Қазір полиция адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.