Air China бұл әуе рейсін 30 желтоқсаннан бастап іске қоспақ.
30 желтоқсанда Қытайдың Чэнду қаласы мен Алматы арасында тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Aeroroutes.com хабарлады.
Қытайлық Air China әуе компаниясы жолаушыларды Airbus A320neo ұшағымен аптасына екі рет: сейсенбі және сенбі күндері тасымалдауды жоспарлап отыр.
Чэнду мен Алматы арасындағы сапар ұзақтығы 3,5 сағатты, ал Алматы – Чэнду сапарының ұзақтығы 5 сағатты құрайды. "Синьхуа" агенттігінің жазуынша, бұл транзиттік сапармен салыстырғанда ең кемі 7 сағат уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Tickets.kz платформасындағы баға бойынша, 30 желтоқсандағы Алматы – Чэнду бағытындағы әуе рейсіне билетті бүгін шамамен 145 мың теңгеге сатып алуға болады. Бұл өзге тікелей емес, транзиттік рейстердің бағасымен шамалас.
Чэнду – Сычуань провинциясының орталығы және көптеген өнеркәсіп орындарының ошағы Чэндуда өндірілетін көліктер, тұрмыстық техника Қазақстанға экспортталады. Сондай-ақ, Чэнду тұрғындары арасында қазақстандық феррохром, мырыш өнімдер, арпа сұранысқа ие.
Оқи отырыңыз:
Алматы мен Астанадан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстер ашылады
Алматы мен Бангкок арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды