Бұл ақпаратты экология және табиғи ресурстар министрлігі таратты.

Соңғы 5 айда 196 мың бас киіктің еті өңдеу кәсіпорындарына өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Экология министрлігінің дерегінше, ақбөкендердің саны бүгінде 4 миллионға жеткен. 2026 жылғы төлдеу науқанынан кейін олардың популяциясы 5 миллионнан асады деген болжам бар.

Ведомство киікке қатысты барлық қосалқы өнім – әсіресе мүйізі қатаң бақылауда деп отыр. Барлық мүйіз тіркеліп, таңбаланады. Олар "Охотзоопром" кәсіпорнының арнайы күзетілетін қоймаларында сақталады.

Бұған дейін министрлік 1 келі киік етінің бағасы 1600 теңгеден сатылып жатқанын айтқан.