Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде 7 ай қызмет еткен сарбаз Сұлтан Шынтеміров жындыханаға қалай түскенін егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті Lada.kz басылымының жазуынша сарбаз жындыханадан кейін "психикалық ауытқуы бар" деген диагнозбен есепке тұрғызылып, үйіне жіберілген. Ал, өз кезегінде, оның анасы ұлының әскерде ауыр зорлық-зомбылық көргенін айтып, әділдік талап етуде.

Оның айтуынша, қазір баласы есінен танып қала береді.

"Баламды соншалықты қорлайтындай не өші барын білмеймін. Қазір ұлым науқас болып келді. Біз балаларымызды әскерге отан қорғасын деп жібердік қой", – дейді анасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Astana_News | АСТАНА