Ел спутниктерді орбитаға шығара алатын үнді зымыранын шығара бастады.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Хайдарабад қаласында жаңа ғарыштық кешеннің онлайн-ашылу рәсімі барысында елдің жаһандық спутник ұшыру қызметтері нарығында жетекші орын алуға ұмтылатынын мәлімдеді, деп хабарлады Ani ақпарат агенттігі.
Жаңа орталық көп мәрте қолданылатын зымыран-тасығыштарды жобалау, құрастыру және сынақтан өткізуге арналған. Кешен ай сайын бір орбиталық зымыран шығара алады. Салтанатты шарада Нарендра Моди спутниктерді орбитаға шығара алатын алғашқы үнді зымыранын да таныстырды.
"Еліміз ғарыш саласындағы бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерге куә болып отыр. Болашақта Үндістан ғаламдық спутник ұшыру экожүйесінің көшбасшысына айналады", – деді премьер-министр.
Оның айтуынша, ұлттық зерттеу институттары елдің ғарыштық әлеуетін қалыптастыруға зор үлес қосты және кең әрі әртараптандырылған экожүйенің негізін қалады. Нарендра Моди Үндістанның ғарыштық сапары "шектеулі ресурстардан басталып, шексіз амбицияға ұласқанын" атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Алматыда Үндістан мен Қазақстан арасындағы серіктестік мәселелері талқыланды
Қазақстан мен Үндістан білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты күшейтеді
"Еліміз ғарыш саласындағы бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерге куә болып отыр. Болашақта Үндістан ғаламдық спутник ұшыру экожүйесінің көшбасшысына айналады", – деді премьер-министр.