Әлеуметтік желіде Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың туған әпкесі көлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Өңір әкімі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Павлодар облысы әкімінің туған әпкесі мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынған", — делінген Telegram-дағы Kozachkow offside арнасында жарияланған жазбада.
Бұл ақпаратқа қатысты Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Threads желісінде пікір білдірді.
"Менің үлкен әпкемнің әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты мынаны айта аламын: барлық азамат заң алдында тең. Менің әпкем де, отбасымыздың басқа мүшелері сияқты, бұл қағидаттан тыс емес", — деп жазды Павлодар облысының әкімі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз