Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Софья Берульцева каратэден әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды (фото)

Софья Берульцева каратэден әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Комиттің мәліметінше, ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Каирдегі әлем біріншілігінде +68 кг салмақта сынға түскен.

Финалда ол Германия спортшысы Йоханна Колено Книрмен күш сынасып, тартысты өткен жекпе-жекте қарсыласы басым түскен.

“Осыған қарамастан Софья қазақ спорты тарихындағы ең табысты каратэ шеберінің бірі болып қала береді”, — делінген хабарламада.

Қазақстан командасы Мысырдағы бәсекені 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтаған.

27-рет өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында кумите бағдарламасында 8 спортшы (4 ер, 4 әйел) сынға түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sofya Berultseva (@sofyaberultseva)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз