Алматы метрополитенінің іске қосылғанына бүгін 14 жыл толып отыр. Жолаушылардың қауіпсіз, қолайлы әрі жылдам жүруін қамтамасыз етіп келе жатқан метрополитен осы уақыт ішінде қаланың негізгі көлік түрлерінің біріне айналған, деп жазады Egemen.kz.
Күн сайын метро қызметін 120 мыңнан астам адам пайдаланады екен. Жүйенің үздіксіз жұмыс істеп тұруын 1 500-ден астам маман қамтамасыз етеді.
Алматы метрополитені 14 жыл ішінде шамамен 200 000 000 жолаушыны тасымалдаған.