Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Airbus әуе кемелеріндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жұмыстары 29 қараша күні толық аяқталатынын мәлімдеді.

Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 23 әуе кемесінде жаңарту орындалған, ал қалған 8 ұшақта (Ақтауда – 1, Астанада – 3, Алматыда – 4) жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр және бүгін аяқталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы бақылауда 38 Airbus әуе кемесі тұр. Оның ішінде:

– 5 ұшаққа жаңарту қажет емес;

– 2 әуе кемесі C-Check техникалық тексерісінде.

Астана және Алматы халықаралық әуежайлары штаттық режимде жұмыс істеп, рейстер кесте бойынша орындалуда.

“Рейстердің кешігуі жағдайында жолаушыларға көмек көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық іске қосылды”, – делінген хабарламада.