"Қазгидромет" Қазақстан аумағы бойынша 2025 жылғы 30 қарашаға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, антициклон ҚР аумағының басым бөлігіне әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі.

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, желдің екпін алатыны болжанады.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда алдағы жеті күн ішінде ауа райы суытады.