Қазақстандық алып күш иесі Сергей Цырульников Миланда (Италия) Guinness World Records өкілдері тіркеген үш әлемдік рекордты бірден жаңартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қол жеткізген жеңістерін Қазақстан халқына арнайтынын айтқан спортшы: «Бұл тек физикалық күш емес. Бұл – ата-бабаларымыздан мирас болған рухтың күші, ұлттық ерік-жігеріміздің символы, – деп атап өтті.
Алып күш иесі 57 секундтың ішінде өлшемі 22×8 мм болатын 14 темір тағаны бүктеп, бір минутта тоғыз резеңке жылытқышты үрлеу арқылы жарып, сондай-ақ бір минутта жалаң қолмен шойын табаға 19 шеге қаққан.
Бұл жетістіктердің барлығы Италияның Lo Show Dei Record телешоуы аясында ресми түрде тіркелді.