Диля Ибрагимова 48 жаста еді.

Танымал қазақстандық журналист, спорт жаңалықтарының жүргізушісі Диля Ибрагимова өмірден өтті. Ол соңғы бірнеше жыл ішінде ауыр дертпен күресіп келді.

Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы ұлттық телеарналарда еңбек етіп, спорт журналистикасы саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы "Хабар" және "КТК" телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізіп, қазақстандық спорт журналистикасының ең танымал және сүйікті тұлғаларының бірі болды. Отандық журналистиканың дамуына өзіндік зор үлес қосты. Өзінің кәсіби білімі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас буынға үлгі бола білген ардақты жанның жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз, — делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.

Inbusiness.kz редакциясы марқұмның отбасы, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.