27 қарашада Қарағандыда 10 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды. ТЖМ ақпаратына сәйкес, үйдің жертөлесінде электр кабельдері жанған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиға Мұқанов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде орын алған. Өрт қатты түтінмен, ашы иіспен және кіре берісте түтіннің тез таралуымен қатар жүріп, жоғарғы қабаттағы тұрғындарға қауіп төндірген.
"Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері жедел жетіп, барлау мен адамдарды эвакуациялауға кірісті. ТЖМ күштері құтқару қалпақтарының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 5 бала құтқарып, эвакуациялады. Адамдарды жылыту үшін арнайы "Вахтовка" арнайы көлігі жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінің және сауатты іс-қимылдарының арқасында өрт сөндірілді", делінген хабарламада.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз