Экспедиция 242 тәулікке созылады.

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-28" кемесі ұшырылды. Бұл туралы "Роскосмос" мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Союз МС-28" кемесі Мәскеу уақытымен сағат 12:27-де ұшырылды. Кеме "Союз-2.1а" тасығыш зымыраны арқылы орбитаға шығарылып, зымыран антенналары мен күн батареялары ашылды.

Экипаж құрамында кеме командирі, "Роскосмос" ғарышкері Сергей Кудь-Сверчко, Сергей Микаев пен NASA астронавты Кристофер Уилльямс бар. Кемеге Халықаралық ғарыш станциясына жеткізілетін 125 келіден асатын жүк тиелген. Олардың арасында ғылыми бағдарламаны жалғастыруға арналған жабдық бар. Эксперимент аясында жасанды интеллект ғарышкерлерге күнделік жүргізуге және есептер дайындауға көмектесетіні айтылған.

Ұзақтығы 242 тәулікке созылатын 74-ші ұзақ мерзімді экспедиция барысында ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу көзделген. Сондай-ақ, ғарышкерлер екі рет ашық ғарышқа шығады.