Ұлттық банктің ресми бағамы — 518,68 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,75 теңгеге арзандап, 516,86 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 518,68 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 516,45 теңгеден сатып алынады, 518,73 теңгеден сатылады. Еуро 596,81 – 601,49 теңге, ал рубль 6,49 – 6,61 теңге аралығында саудаланады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа алаяқтық тәсілі жиілеп кетті. Ұлттық Банк ескерту жасады


Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 514,66 теңгеден сатып алынады, 521,66 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 596,68 теңге, сату — 606,68 теңге. Ал рубль 6,53 — 6,63 теңге аралығында саудаланып жатыр.