Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

19 жасар өзбекстандық әлемдік шахмат тарихында із қалдырды

Өзбекстандық Джавохир Синдаров 26 қарашада Үндістанда өткен шахматтан Әлем Кубогының тарихында ең жас жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 жастағы шахматшы турнирдің финалында қытайлық Вэй И-ді 2,5:1,5 есебімен жеңді. Осылайша “күмісті” қытайлық спортшы иеленсе, 2025 жылғы Әлем Кубогының “қоласы” ресейлік Андрей Есипенкоға бұйырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от FIDE (@fide_chess)

“Ең жас жеңімпаз” атағын Синдаровқа дейін Армения өкілі Левон Арониан иеленген болатын. Ол 2025 жылы 23 жасында жеңімпаз атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от FIDE (@fide_chess)

Жас жеңімпазды Өзбекстан президенті Шавкат Мирзииевтің өзі құттықтады.

Бұған дейін Грекияда 2026 жылғы Олимпиада алауы жағылғанын жазғанбыз.