Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта жағдайы нашарлаған жолаушыға көмек көрсетті. Оқиға Астанадан Алматыға бағыт алған әуе кемесінің бортында болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Threads әлеуметтік желісі қолданушысының жазуынша, таңертең Астана-Алматы рейсінде жолаушы кенет өзін жайсыз сезіне бастаған.
"Ұшақ ұшу-қону жолағына қарай бет алған еді, көзім ілініп кетіпті, бір кезде: "Стюардесса! Стюардесса! Мына қыз өзін жайсыз сезініп жатыр, дәрігер керек!" деген үрейлі дауыс шықты. Бір әйел келіп, оған өз-өзіне келуіне көмектесіп, қан қысымын өлшей бастады. Қан қысымы жоғары болып шықты", — деп жазады автор.
Стюардессалар да майлық пен қалта әкеп көмектесіп, содан кейін жолаушыға дер кезінде көмек қолын созған әйелден "Сіз дәрігерсіз бе, әлде бірге ұшып бара жатқан серіктесісіз бе?" деп сұраған.
"Қалтаны ауыстырып, қан қысымын өлшеп жүрген әйел, жай ғана "дәрігермен" деп жауап беріп, жұмысын жалғыстыра берді. Жолаушыға дәрі, шай, су беріп, жағдайын әрі ары қарай ұша алатынын сұрады. Қыз "иә" деп жауап берді. Ұшуға дайындала бастадық. Ал көмек көрсеткен дәрігер денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарованың өзі екен", — деп жазды желі қолданушысы.
NUR.KZ тілшісі бұл оқиғаға қатысты пікір алу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінді. Олар видеоның шынайы екенін растады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз