Бұл жағдай жиынның 20 жылдық тарихында тұңғыш рет тіркелуі мүмкін.

АҚШ президенті 2026 жылы Майамиде өтетін саммитке Оңтүстік Африканың шақырылмайтынын мәлім еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дональд Трамп аталған қадамды Вашингтонның Йоханнесбургте өткен G20 көшбасшыларының кездесуіне бойкот жариялауымен байланыстырады. Онда Оңтүстік Африка қабылдаушы тарап ретінде қарастырылып, "қару қолданды" деп айыпталған, сол үшін қатысудан бас тартқан.

Дональд Трамп Претория үкіметін "ешбір жерде мүшелікке лайық емес" деп сын садағына алды. Сонымен қатар, АҚШ-тың елге төлейтін төлемдері мен субсидияларын тез арада тоқтататынын жария етті.

Осы жылдан бастап қос елдің қарым-қатынасы өзгеріп сала берді. Наурыз айында ғана АҚШ Оңтүстік Африка елшісін "елдің саяси ұстанымдарына қарама-қайшы көзқараста" деп елден шығарып жіберген. Содан соң АҚШ жоғары лауазымды шенеуніктерін Йоханнесбургтегі G20 саммитіне жіберуге түбегейлі қарсы болды.

Трамп әкімшілігі 2026 жылғы саммитте Польшаның рөлін арттыруға қадам жасауда. Польша президенті Кароль Навроцкий келесі жылы өтетін G20 саммитіне шақырылғанын қуана жариялады.

Айта кетейік, G20 саммиті 2026 жылдың желтоқсан айында Флоридадағы Трамптың Дорал гольф курортында өтеді деп болжанған.