Сонымен қатар жұмысшы жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жалғасып жатыр.

Биыл "Алматы жастары" бағдарламасы аясында www.almaty-zhastary2025.kz сайты арқылы қатысушылардан 6626 өтініш қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта 3040 жолдама беріліп, олардың ішінде 2168 алматылық жеңілдетілген несие алып, баспана сатып алды. Жұмысшы жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жалғасып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады.

Биыл жеңілдік санатындағы 48 кезекте тұрған азаматқа бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеуге арналған тұрғын үй сертификаттары тегін негізде берілді. Жалпы сома – 72 млн теңге.

Алматыда сондай-ақ, жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аясында ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және жетім балалар санатындағы кезектегілерге жалдау ақысының 50%-ы көлемінде субсидия беріледі.

Бағдарламаның операторы – "Отбасы банк" АҚ, өтінім онлайн қабылданады. Субсидия алатын 639 жалға алушының пәтері тексерілді.

Алматы, жастар, баспана, несие