Қазақстанда қуат жинақтаудың аккумуляторлық жүйесі саналатын BESS жобасы іске қосылды.

Алғашқы пилоттық жоба аясында қытайлық конгломерат қуаты 4,4 МВт болатын технологияны елге жеткізіп, жыл бойы техникалық сүйемелдеу мен мониторинг жүргізеді. Бұл жоба жаңартылмалы қуат көздерінен алынатын энергияны тиімді сақтауға арналған. Назарбаев Университетінде өткен халықаралық конференцияда "BESS жүйелерін еліміздің біртұтас электр энергетикасында қолдану" құжатының тұсаукесері өтті. Онда жаһандық тәжірибеге шолу, заманауи технологиялық және халықаралық стандарттар сипатталып, құқықтық реттеуге қатысты ұсынымдар қамтылған.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Қазіргі кезде бізде жаңартылған энергия көздерін дамыту қолға алынған. Соңғы 10 жылда біз көптеген жетістіктер бар. Қазіргі күні ЖЭК көлемі 6,5 пайызға дейін жетті. Сондықтан келесі кезең — осы энергияны сақтау. Өйткені бұл жұмыста жалпы халықаралық тәжірибе, қанша тұрады, қандай технологиялар бар, соның бәрі зерттелген. Соны әрі қарай әріптестермен қарастырып, әрі қарай қолдануға дайындаламыз.