"Қазгидромет" РМК 27 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

27-28 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп болжанады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

27-28 қарашада Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп болжанады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23 м/с-қа дейін жетеді.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 25 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман болады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз