Африканың батысындағы мемлекет — Гвинея-Бисаудың президенті Умаро Сиссоко Эмбало елде төңкеріс болғанын және өзінің қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Jeune Afrique мәліметтері бойынша, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал Бяге На Нтан, оның орынбасары генерал Мамаду Туре және ішкі істер министрі Боче Канде де қамауға алынған.
Басылымның хабарлауынша, президент Армия Бас штабының басшысын қастандық жасады деп айыптайды.
23 қарашада Гвинея-Бисауда президенттік сайлау өтті. Қазіргі президент 65% дауыспен өзінің жеңіске жеткенін жариялады, ресми нәтижелер бейсенбі, 27 қарашада жарияланады деп жоспарланған болатын. Дауыс беру процесі бейбіт өтті, бірақ сайлауға оппозиция көшбасшысы Домингуш Симойнш Перейра қатыстырылмады. Оппозиция атынан Фернанду Диаш де Кошта өз кандидатурасын ұсынды, ол да өзінің жеңіске жеткенін жариялады.
COUP D’ETAT EN GUINÉE BISSAU!
........
C’est confirmé ! Le chef d’Etat de la Guinée Bissau vient d’être renversé par une branche de son armée après une élection contestée par son principal opposant.
Umaro Sissoco Embaló lui-même l’a annoncé à nos confrères de Jeune Afrique. Il… pic.twitter.com/tPequyOVPy
— jeandavid kilolo (@jeandavidkilolo) November 26, 2025
БАҚ 1974 жылы Португалиядан тәуелсіздік алғаннан бері Гвинея-Бисауда бірқатар төңкерістер болғанын жазады.
Айта кетсек, Бразилия полициясы бұрынғы президент Жаир Болсонароны елден қашпақ болды деген күдікпен тұтқындалған болатын. Ол төңкеріс жасады деген айыппен 27 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін.