Нысанның иесі (жеке тұлға) құрылысты рұқсатсыз жүргiзген.
Сот шешіміне сәйкес Таугүл-3 шағынауданы Бекет Ата көшесі, 46 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу басталды. Бұл туралы Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты.
"Нысанның иесі (жеке тұлға) құрылысты рұқсатсыз жүргiзген. Басқарма тарапынан әкімшілік шаралар қолданылып, заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. Аталған іс нысанды бұзу туралы шешім қабылдау үшін сотқа жолданған болатын. 2025 жылғы 20 қарашада Әуезов аудандық сотының шешімімен Қала құрылысын бақылау басқармасының талаптары қанағаттандырылды", – делінген хабарламада.
Сот шешімін орындау мақсатында нысанды меншік иесі өзі бұза бастады.
Оқи отырыңыз: Алматы басты назарда: Италияда қала туралы көлемді гастрономиялық репортаж жарияланды