Продюсер Мөлдір Мұқан жақында ғана өзінің “Шәй үлкен қалада” фильмін қатаң сынаған әнші Бақыт Тұрманға жауап берді.

Оның жауап берген видеосы Titkok желісінде жарияланды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ол кісілер үйі түгілі, бізге ас үйінде палау берген емес. Менікі сыйламай-ақ қойсын, бірақ әйгілі Тұрсынбек Қабатовты сыйлау керек. Себебі, Тұрсынбек Қабатов оның күйеуіне жұмыс берді, атын шығарды. Ол күйеуі тапқан табысын үйіне апарды. Сөйлеп отырған әйел соның нанын жеді. Ол тамақты бала-шағасы жеді. Қайтарғаны сол болғаны ма? Жеген тамағы арам болып кетті ғой. Бір Алланың қалауымен Қайрат Әділгерейді Тұрсынбек Қабатовтың “Әзіл әлемі” театры көтерді дегенге 100% аяғымды көтеріп, “иә” деп айта аламын. Ал оның әйелінің жасап отырған опасыздығы — деңгейінің төмендігі. Өзі білсін әрі қарай. Айтқанымды жеткізе беріңдер”, — деді Мөлдір Мұқан.