Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды үкімет қаулысына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қоса беріліп отырған өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс", — делінген үкімет қаулысында.
Тізімге 40 қызмет түрі енген:
Мал шаруашылығына тән қызметі
Музыкалық аспаптар өндірісі
Сылақ жұмыстары
Ағаш шебері және ағаш ұстасы жұмыстары
Еден жабыны және қабырғаларды қаптау
Сырлау және шыны салу жұмыстары
Желілі маркетинг арқылы бөлшек сауда
Такси қызметі
Өзге де пошталық және курьерлік қызметі *
Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу
Жеке меншік немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару
Фотосурет саласындағы қызмет
Ауызша және жазбаша аударма қызметі
Ветеринариялық қызмет
Жеке тұтынатын өзге де заттарды және тұрмыстық тауарларды жалдау және олардың лизингі
Тұрғын үйлерді жалпы жинау
Басқа топтарға қосылмаған, қосымша коммерциялық қызмет көрсету бойынша өзге де қызметтер *
Спорт және демалыс саласында білім беру
Мәдениет саласындағы білім беру
Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет
Көркем және әдеби шығармашылық
Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу
Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу
Электронды тұрмыстық техниканы жөндеу
Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу
Аяқ киім жөндеу
Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу
Жиһаздарды және интерьер заттарын жөндеу
Қолсағаттар мен өзге де сағаттарды жөндеу
Зергерлік бұйымдарды жөндеу
Трикотаж және тоқыма бұйымдарды жөндеу
Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу
Тері және былғары бұйымдары мен бас киімдерді жөндеу
Музыкалық аспаптарды жөндеу
Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу
Велосипед жөндеу
Басқа топтамаларға енгізілмеген жеке пайдаланатын өзге де заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу
Шаштараздардың, сұлулық салондарының қызмет көрсетуі
Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі
Өзіндік тұтынуы үшін тауарлар өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз