Бірнеше трасса ертең ашылады.

Ертең, 26 қараша күні, Шымбұлақ тау-курортында қысқы маусымның техникалық ашылуы өтеді. Курорттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғашқы күннен бастап келушілер үшін Сол жақ Талғар және жаңадан бастаушыларға арналған Ақ қонжық, Жылан және Ақ барыс трассалары ашылады.

"Сонымен қатар биыл негізгі жалға беру аумағы мен маусымдық локерлер Медеу базалық станциясына ауыстырылған. Ал Шымбұлақ станциясында келушілер заттарын күнделікті форматта сақтай алатын арнайы ұяшықтар жұмыс істейді", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Шымбұлақта құрақ көрпе түріндегі жаңа мурал салынды


Еске салайық, былтыр техникалық ашылу 23 қарашада өткен еді, ал ресми қысқы маусым 7 желтоқсанда ашылып, сырғанау маусымы 2025 жылдың 13 сәуірінде аяқталған.