"Қайрат" Бельгияда жеті гол соғып, Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында жеңіске жетті.
Алматылықтар алғашқы болып есеп ашты. Бірақ кейін "Андерлехт" 3:1 есебімен алға шықты. Үзіліске дейін "Қайрат" таразы басын теңестіріп, екінші таймда тағы төрт гол соқты. Осылайша алматылықтар 7:3 есебімен қарсыластарын тізе бүктірді.
"Қайрат" сапында Оливейра Да Силва мен Лукас Отанья дубль жасаса, ал Кайо Руис, Даурен Тұрсағұлов және Біржан Оразов бір-бір голдан соқты.
Қарымта матч 5 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Ойын 20:00-де басталады.