Сондай-ақ, ел тұрғындарының 27 пайызы бұл жұмыссыздықты арттыратынына сенімді.

Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салығын 12 пайыздан 16 пайызға көтеруге ел азаматтарының 53 пайызы қарсы. Мұндай нәтижені Demoscope жүргізген сауалнама нәтижесі көрсетті.

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің көпшілігі (жалпы 61,4 пайыз) салықтың көтерілуі өмір сүру сапасына кері әсер ететініне сенімді. Соның ішінде 32,4 пайызы салықтың көтерілуі өмір сүру деңгейін айтарлықтай нашарлатады деп санаса, 29 пайызы нашарлайды, бірақ қатты емес дейді. Ал респонденттердің 20,6 пайызы салықтың өсуі өмір сапасына еш әсер етпейтінін айтса, 9 пайызы ҚҚС көтерілуі айтарлықтай және аздап болса да өмір сапасын жақсартады деп есептейді.

Сондай-ақ, респонденттер қосылған құн салығы көтерілген жағдайда:

  • Тауар мен қызмет бағасы қымбаттайды (65,5%);
  • Орта және шағын бизнес субъектілерінің саны қысқарады (27,3%);
  • Жұмыссыздық артады (26,5%);
  • Көлеңкелі экономика мен салықтан жалтару күшейеді (19,6%) деп санайды.

"Дегенмен, респонденттердің бір бөлігі оң әсер туралы да айтты. Олардың ойынша, мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімі артады (18,2%) және азаматтардың өмір сүру деңгейі көтеріледі (9,4%). Респонденттердің 12,6%-і реформа ешқандай өзгеріске алып келмейді деп санайды", – делінген зерттеу қорытындысында

Сауалнама қорытындысының толық нұсқасымен осы жерден таныса аласыздар.


Оқи отырыңыз:

  • 16 пайыз ҚҚС: 2026 жылдан бастап кімдер төлейді және оның тәртібі қандай
  • ҚҚС мөлшерлемесі 16% болып белгіленді. Мәжілісте жаңа Салық кодексі қабылданды